jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Израиль Түркияны НАТО-дан шығаруға шақырды

НАТО туы
НАТО туы. Көрнекі фото: Jeff Overs / Contributor / Getty Images

Израиль сыртқы істер министрі Исраэль Кац Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның Израильге қарсы қоқан-лоққысына жауап ретінде Түркияны НАТО-дан шығаруға шақырды.

Министрдің айтуынша, Ердоған Түркияны "ирандық зұлымдық" қатысушысына айналдырды, деп жазады DW.

Исраэль Кацтың сөзінше, Түркия Израильге шабуыл жасаймыз деп қорқытып, ХАМАС тобының мүшелерін де қабылдап жатыр.

Сонымен қатар басылым Кац бұған дейін Ердоғанды Саддам Хусейнмен салыстырғанын хабарлады.

"Ердоған Саддам Хусейннің ізімен жүріп, Израильге шабуыл жасаймын деп қорқытады", - деп жазды саясаткер X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, жақында президент Режеп Тайип Ердоған Түркия бір кездері Таулы Қарабақ пен Ливияға қалай кірсе, Израильге де кіре алатынын мәлімдеген болатын.

Еске салайық, наурызда Ердоған Газадағы жағдайға пікір білдірді. Саясаткер Таяу Шығыста болып жатқандар оқиғаларды геноцид деп атады.

Ал 2023 жылғы желтоқсанда Түркия мен Израиль басшылары бірін-бірі айыптады. Ердоған Нетаньяхуды Гитлермен салыстырды, Израиль премьер-министрі бұл сөзге жауап берді.

Биньямин Нетаньяху сол кезде: "Күрдтерге қарсы геноцид жасап жатқан, оның билігіне қарсы шыққан түрмедегі журналистердің саны бойынша әлемдік рекорд орнатқан Ердоған – бізге мораль "оқитын" соңғы адам", - деп жауап берді.

Бұған дейін Түркия президенті "БҰҰ-ны әрекетке қабілетсіз" ұйым деп атап, оның құрылымын өзгертуге шақырды.

2023 жылғы күзде Газадағы оқиғаларға байланысты Түркия Израильдегі елшісін қайтарып алды.

Израиль Түркияны НАТО-дан шығаруға шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.