Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-тағы президент сайлауы: Дональд Трамп пен Камала Харрис қашан дебат өткізетіні белгілі болды

Жарияланған күні:

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Jacek Boczarski/Anadolu via Getty Images

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп пен елдің қазіргі вице-президенті Камала Харрис 10 қыркүйекте теледебат өткізуге келісті. Екеуі де бұл күнді асыға күтетінін айтты, деп хабарлайды ABC News арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дональд Трамп 10 қыркүйекте АҚШ вице-президенті және Демократиялық партияның кандидаты Камала Харриспен ABC News арнасында тікелей эфирде дебат өткізуге келіскенін хабарлады.

"Мен пікірталасты асыға күтемін, өйткені біз барлығын өз орнына қоюымыз керек деп ойлаймын", - деді АҚШ-тың бұрынғы президенті.

Харрис те теледебатқа қатысатынын растады.

"Мен оның 10 қыркүйекте өтетін дебатқа келіскеніне қуаныштымын. Асыға күтемін және ол келеді деп ойлаймын", - деді елдің қазіргі вице-президенті.

Еске салайық, 22 шілдеде АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден президенттік сайлаудан бас тартқанын мәлімдеді. Ол сайлауда АҚШ вице-президенті Камала Харристі қолдайтынын айтқан.

Көп ұзамай Камала Харрис АҚШ президенттігіне үміткер екенін ресми түрде жария етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2146687-aqsh-tagy-prezident-sailauy-donald-tramp-pen-kamala-harris-qashan-debat-otkizetini-belgili-boldy/