Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапония премьер-министрі кезекті сайлауға үміткер ретінде қатыспайтынын растады

Жарияланған күні:

Фумио Кишида
Фумио Кишида. Фото: Nikkei / Uichiro Kasai / Getty Images

Жапония премьер-министрі Фумио Кишида партия басшысы сайлауына үміткер ретінде қатыспайтынын растады. Жеңімпаз елдің келесі премьер-министрі болады, деп хабарлайды "РИА Новости"-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сәрсенбі күні шақырылған баспасөз мәслихатында премьер-министр елдің басқарушы Либералдық-демократиялық партиясының төрағасы сайлауына өз кандидатурасын ұсынбайтынын айтты. Сайлау ағымдағы жылдың қыркүйек айына белгіленген.

Алдағы сайлауда жаңа Либералдық-демократиялық партияны халыққа көрсету маңызды. Ол үшін партияның өзгеретінін көрсете алатын еркін және ашық пікірталас қажет.

"Сондықтан бірінші айқын қадамым - ​​шетке шығуым. Мен алдағы төраға сайлауына қатыспаймын", - деді Кишида.

Ол саясатта қалып, партияның жаңа басшысын қолдауға ниетті екенін мәлімдеді.

Басылымның хабарлауынша, алдағы сайлаудың жеңімпазы Жапонияның жаңа премьер-министрі болады.

Бұған дейін хабарланғандай 10 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония премьер-министрі Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2148744-zhaponiia-premer-ministri-sailauga-umitker-retinde-qatyspaitynyn-rastady/