Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

14 сағатта 12 млн оқырман: YouTube-те арна ашқан Роналду алтын батырмаға ие болды

Жарияланған күні:

Криштиану Роналду
Криштиану Роналду: ANP via Getty Images

Әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналду 14 сағат бұрын YouTube-те арна ашты. Спортшы қысқа ғана уақытта 12 миллионнан астам оқырман жинап үлгерді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"UR Cristiano" атауымен ашылған арнаға 14 сағатта 12 видео салынған. Олардың ортақ қаралым саны 35,3 миллионға жеткен.

Әзірге ең көп қаралғаны – Криштианудың әйелі Джорджина Родригеспен түскен видеосы. Қазіргі уақытта қаралым саны 8 млн-нан асып тұр.

Спортшы соңғы шыққан видеосында алтын батырманы көрсетті. Футболшы балаларына оны алғашқы миллион оқырман жинағаны үшін алғанын айтты.

Еске салсақ, танымал ESPN спорт басылымы ХХІ ғасырдың үздік футболшыларының рейтингін жариялаған еді.

ESPN жариялаған рейтингте Аргентина құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси көш бастады. Ал екінші орынға "Әл-Наср" клубының ойыншысы Криштиану Роналду жайғасса, ал "Барселона" мен "Арсеналдың" бұрынғы шабуылшысы Тьерри Анри үштікті түйіндеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2151831-14-sagatta-12-mln-oqyrman-youtube-kanalyn-ashqan-ronaldu-altyn-batyrmaga-ie-boldy/