jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Исландияда жанартау атқылап, лава ақты: төтенше жағдай жарияланды (видео)

Рейкьянес түбегіндегі жанартау
Рейкьянес түбегіндегі жанартау. Фото: x.com/RuvEnglish

Исландия түбегінде жанартау атқылап, лава ақты. Табиғат құбылысына байланысты өңірде төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Sky News арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, Исландияның оңтүстік-батысында орналасқан Рейкьянес түбегінде жанартау атқылаған. Бірнеше күн бұрын метеорологтар Сунднукар жанартауында сейсмикалық белсенділік пен жер сілкінісін тіркеді. Аймақта төтенше жағдай жарияланды.

Мұнда 2023 жылғы желтоқсаннан бері жанартау атқылап жатыр. Содан бері жақын маңдағы Гриндавик қаласының 4 мыңға жуық тұрғыны эвакуацияланды.

Бұл қаланың солтүстігінде лава шығыс пен батысқа қарай ағатын жарықшақ пайда болды. 10 минут ішінде лава ағыны шамамен 1 километр жерге жайылған. Бұл ретте жарықтың жалпы ұзындығы шамамен 3,9 километрге жетті.

Аққан лаваның видеосы X әлеуметтік желісінде RUV English парақшасында жарияланды.

Исландияда жанартау атқылап, лава ақты: төтенше жағдай жарияланды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.