jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

БАҚ: Павел Дуровты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Павел Дуров
Павел Дуров. Фото: AOP.Press/Corbis/Getty Images

Франциялық БАҚ 24 тамызда Францияда ұсталған Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты қамауда ұстау мерзімі ұзартылғанын мәлімдеді. Бұл туралы "РИА Новости"-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Дуровты қамауда ұстау мерзімі ұзартылғанын журналистерге тергеуге жақын дереккөз хабарлаған.

Франциялық басылымдардың мәліметінше, Дуровтың ісін жүргізіп жатқан тергеу судьясы қамауда ұстау мерзімін жексенбі кешке қарай ұзартты. Францияда жауап алу үшін қамауда ұстаудың бастапқы мерзімі ең көбі 96 сағатқа созылуы мүмкін.

Қамауда ұстаудың бастапқы кезеңі аяқталғаннан кейін судья Дуровты босатуы немесе қамауға алу үшін оған айып тағуы мүмкін.

Еске салсақ, Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Францияда қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз.

Франциядағы БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Telegram-дың негізін қалаушы және бас директоры жеке ұшағынан шығып бара жатқан жерінде ұсталған.

БАҚ: Павел Дуровты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.