22 адам қаза тапты: Камчаткада жолаушылары бар тікұшақ апатқа ұшырады
Жарияланған күні:
Вачкажец тау жотасындағы қону алаңынан Камчаткадағы Николаевка ауылына ұшып келе жатқан МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Жолаушылар мен экипаж мүшелері қаза тапқаны хабарланды.
"РИА Новости" ақпаратынша, әуе кемесімен байланыс үзілген. Алдын ала мәліметке сәйкес, бортта 19 жолаушы мен үш экипаж мүшесі болған.
Өңірлік төтенше жағдай министрі Сергей Лебедевтің хабарлауынша, тікұшақтың сынықтары табылған. Олар 900 метр биікте, борт соңғы рет байланысқа шыққан маңда табылған.
Жедел қызметтер бортта болған адамдардың бәрі қаза тапқанын хабарлады.
"Ауа райының нашарлауына байланысты тікұшақ шоқыға соғылған. Алдын ала ақпарат бойынша, олардың бәрі қаза тапқан", - деп хабарлаған басылым тілшілеріне.
Сонымен бірге Ресей ТЖМ құтқарушылар төтенше жағдай орнына жеткізілгенін, 17 адамның денесі табылғанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2155705-22-adam-qaza-tapty-kamchatkada-zholaushylary-bar-tikushaq-apatqa-ushyrady/