jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

БАҚ: Ердоған Қазанда өтетін БРИКС саммитіне қатысады

Режеп Тайип Ердоған
Режеп Тайип Ердоған. Фото: Chris McGrath / Getty Images

Түрік бұқаралық ақпарат құралдары Реджеп Тайып Ердоған Қазандағы БРИКС саммитіне қатысуды жоспарлап отырғанынжазды – жақында Түркия ұйымға кіруге өтініш бергені туралы ақпарат тарады.

Habertürk телеарнасы Түркия президенті әкімшілігіндегі дереккөздерге сілтеме жасап, Түркия президенті Қазан қаласында 22-24 қазан аралығында өтетін саммитке қатысуға ниетті екенін хабарлады.

Басылым сондай-ақ Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың журналистерге Түркия толық мүшелікке өтініш бергенін айтқанын жазған.

Айта кетейік, бұған дейін Bloomberg агенттігі ақпарат көздеріне сілтеме жасап, Түркия БРИКС-ке қосылуға өтініш бергенін хабарлаған еді.

Сарапшылар Түркия осы қадамы арқылы өзінің жаһандық ықпалын күшейтіп, дәстүрлі Батыс одақтастарынан тыс жаңа байланыстар орнатуды көздеп отырғанын атап өтті. Түркияның БРИКС-ке қосылу мүмкіндігі 22-24 қазанда Татарстанда өтетін саммитте талқылануы мүмкін.

БАҚ: Ердоған Қазанда өтетін БРИКС саммитіне қатысады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.