Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда сегіз жасар қыздың өлімі: 21 адам ұсталды

Жарияланған күні:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркияның Диярбакыр провинциясында сегіз жасар қыздың денесі табылғаннан кейін қауіпсіздік қызметкерлері 21 адамды ұстады. Бұл туралы "РИА Новости" басылымына сілтеме жасап, KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылым мәліметінше, бала 21 тамызда Тавшантепе аймағында жоғалып кетті, Құран курстарына барғаннан кейін үйіне оралмаған. Отбасы қызды өз бетінше табуға тырысқан, сол күні кешке әкесі оның жоғалып кеткені туралы полицияға хабарлаған.

DHA агенттігінің мәліметінше, іздеу барысында полиция мен шұғыл қызметтер 12 мыңнан астам автокөлік пен 32 мыңнан астам адамды тексерді. Сонымен қатар олар 130 азаматтан жауап алып, 1100 гектардан астам аумақты қызметтік иттермен тексерген.

Қыздың денесі жексенбі таңертең өзі тұрған ауылдан екі шақырым жерден табылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, дәл осы аймақта полиция 28 тамызда бала тәпішкесін тапқан, бірақ ата-анас оның қыз балаға тиесілі екенін жоққа шығарған. Диярбакыр провинциясының губернаторы Мұрат Зорлуоғлу марқұмның өзен жағасында қапшықтан табылғанын, оның үсті тастар мен ағаш бұтақтарымен жабылғанын хабарлады.

"Мамандар аутопсия жүргізіп жатыр. Тергеу аясында 21 адамды ұстауға бұйрық берілді", - деп жазды Әділет министрі X әлеуметтік желісінде.

Сонымен қатар Түркия Президенті Әкімшілігі жанындағы байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтун президент Режеп Тайип Ердоған тергеуді мұқият қадағалап отырғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2159098-turkiiada-segiz-zhasar-qyzdy-oltirdi-degen-kudikpen-20-dan-astam-adam-ustaldy/