Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Ливанда "Хезболла" мүшелерінің пейджерлерінен соң рациялар жарыла бастады

Жарияланған күні:

Рация
Рация. Көрнекі фото: pixabay.com

Ливанның бірқатар қаласында рациялар жарылды. Құрылғылар "Хезболла" тобының мүшелеріне тиесілі, деп хабарлайды The Guardian басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Хабарламаға сәйкес, көптеген пейджер жарылыстарынан кейін сәрсенбі түстен кейін "Хезболла" мүшелерінің рациялары жарыла бастаған. Бұл ақпаратты басылымға топ мүшелерінің бірі растаған.

Бұл ретте жарылыстар алдыңғыларымен салыстырғанда күшті болмағаны хабарланады. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген, бірақ Бейруттың оңтүстік шетінде жедел жәрдем сиреналары естілген.

Айта кетейік, бұған дейін Би-Би-Си орыс қызметі Ливандағы "Хезболла" қарулы тобы мүшелерінің бір уақытта пейджерлері жарылып, жүздеген адам жарақат алғанын хабарлаған болатын. Жарылыстар 30 минуттан астам уақытқа созылған.

Жарылыс салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша, 12 адам қаза тауып, тағы 2800 адам жаралан. Қаза болғандар арасында Бекаа алқабындағы "Хезболла" мүшесінің 10 жасар қызы да бар. Топ мүшелері бұған Израильді айыптап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2163093-baq-livanda-hezbolla-mushelerining-peidzherlerinen-song-ratsiialar-zharyla-bastady/