jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Қазақстан елшісі де бар": Пәкістанда дипломаттар мінген кортежді алып жүрген полиция көлігі жарылды

Жарқылдауық белгісін қосып кетеп бара жатқан полиция көлігі
Полиция көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

Пәкістанда 12 мемлекеттің елшісі отырған кортежге ілесіп жүрген полиция көлігі жарылды. Дипломаттардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"22 қыркүйекте Хайбер-Пахтунхва провинциясында 12 мемлекеттен келген елшілерді алып жүрген полиция көлігін мина жарып жіберді, дипломатиялық корпустың өкілдері зардап шеккен жоқ, елшілер Исламабадқа жеткізілді.

Елшілер Исламабад Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған туристік конференцияға қатысу үшін Сват қаласына бара жатқан", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

СІМ ресми өкілінің сөзінше, колонна құрамында Қазақстан елшісі де болған. Смадияров Қазақстан елшісі де, басқа шетелдік елшілер де зардап шекпегенін, оларға қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.

"Қазақстан елшісі де бар": Пәкістанда дипломаттар мінген кортежді алып жүрген полиция көлігі жарылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.