"Соғыстың жаңа кезеңінде тұрмыз": Ливан билігі Израиль соққыларынан 490-нан астам адам қаза тапқанын хабарлады
Жарияланған күні:
Читать на русскомЛиван билігінің мәліметінше, Израиль дүйсенбіде "Хезболла" ұйымының Ливандағы жүздеген нысанасына әуе шабуылдарын жасаған. Соққы салдарынан шамамен 492 адам, оның ішінде 35 бала қаза тапты. Жарақат алғандар саны 1600-ден астам адамға жеткен.
Reuters агенттігінің Ливан шенеунігінің сөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, бұл – 1975-1990 жылдардағы азаматтық соғыс аяқталғаннан бері тіркелген ең көп өлім.
Дүйсенбіде Израиль әскерилері Ливанның оңтүстігінде, Бекаа алқабының шығысында және Сирияға жақын солтүстік аймақта қақтығыс басталғаннан бергі "Хезболлаға" қарсы ең үлкен соққыларын бастады.
Израиль әскері соңғы 24 сағат ішінде Ливандағы "Хезболла" ұйымының 1300 нысанына соққы бергенін хабарлады.
Израиль әскері "ауылдардың қақ ортасында, бейбіт тұрғындардың үйлеріне" қанатты зымырандарды, реактивті снарядтарды және шабуылдаушы ұшқышсыз басқарылатын ұшақтарды нысанаға алғанын мәлімдейді. Израиль қорғаныс күштері "Хезболла" оларды "ливан халқына қауіп төндірді" деп Израильге қарай зымыран ұшыруды жоспарлағанын айтты.
"Негізі біз "Хезболла" соңғы 20 жылда салып жатқан жауынгерлік инфрақұрылымға соққы беріп жатырмыз. Бұл өте маңызды. Біз нысаналарға соққы беріп, соғыстың келесі кезеңдеріне дайындалып жатырмыз", - деді Израиль Қорғаныс күштері басшысы.
Израиль әскері дүйсенбіде кешке Бейрутке нысаналы соққы жасағанын мәлімдеді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Израиль әскері нысанасы "Хезболланың" қолбасшысы Али Караки болды.
Алайда "Хезболла" Каракидің "тірі және қауіпсіз жерге кеткенін" хабарлады.
Ливанның денсаулық сақтау министрі Фирасс Абиад "бұл шабуылдардың басты мақсаты бейбіт тұрғындардың шабуылға ұшыраған аймақтардан кетуіне себеп болғанын" айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2165064-sogystyng-zhanga-kezenginde-turmyz-livan-biligi-izrail-soqqylarynan-490-nan-astam-adam-qaza-tapqanyn-habarlady/