Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тірі қалқан ретінде пайдаланды": Израиль премьер-министрі Ливан тұрғындарына үндеу жасады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Биньямин Нетаньяху
Биньямин Нетаньяху. Фото: Amir Levy/Getty Images

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Ливан тұрғындарын "Хезболла" қозғалысы пайдаланатын нысандардан кетуге шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нетаньяху үндеуінде Израильдің ливандықтарға емес, "Хезболлаға" қарсы соғысып жатқанын айтты.

"Хезболла" ұзақ уақыт бойы сіздерді тірі қалқан ретінде пайдаланып, үйлеріңізден зымырандарды гараждарыңызға ұшыру қондырғыларын орналастырып отыр. Халқымызды "Хезболла" шабуылдарынан қорғау үшін біз бұл қаруларды залалсыздандыруымыз керек", - деді Израиль премьер-министрі үндеуінде.

Ол Израиль қорғаныс күштері (IDF) ливандықтарды қауіпті жерлерден кетуді ескертетінін айтты.

"Өтінемін, бұны қазір жасаңыз", - деді Нетаньяху.

Израиль премьер-министрі Ливан тұрғындарын Израиль армиясының ескертулеріне байыппен қарап, "қауіпті аймақтан қазір шығуға" шақырды.

Еске салсақ, бұған дейін Ливан билігі Израиль дүйсенбіде "Хезболла" ұйымының Ливандағы жүздеген нысанасына әуе шабуылдарын жасағанын мәлімдеген болатын. Соққы салдарынан шамамен 492 адам, оның ішінде 35 бала қаза тапты. Жарақат алғандар саны 1600-ден астам адамға жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2165088-tiri-qalqan-retinde-paidalandy-izrail-premer-ministri-livan-turgyndaryna-undeu-zhasady/