Иран Израиль территориясына жүздеген зымыранын ұшырды (видео)
Жарияланған күні:
ЦАХАЛ X желісіндегі аккаунтында Ираннан Израильге жүздеген зымыран ұшырылғанын хабарлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
БАҚ мәліметінше, жүздеген зымыран ұшырылған. ЦАХАЛ X-тегі парақшасында Ираннан ұшырылған зымырандар Израильге бағытталғанын атап өтті.
"Барлық израильдік бейбіт тұрғын бомбадан қорғану орындарында, өйткені Ираннан жіберілген зымырандар Израильді атқылап жатыр", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ЦАХАЛ Израиль халқына сақтық шараларын сақтау және нұсқауларды орындау туралы үндеу жасады.
"Сирена естігенде, дереу қорғаныс орнына барып, әрі қарайғы хабарламаларға дейін сонда қалуларыңыз қажет. Израильдің Қорғаныс армиясы Израиль мемлекетінің бейбіт халқын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды және жалғастырады", - делінген ЦАХАЛ мәлімдемесінде.
БАҚ мәліметінше, Иран 400-ден астам зымыран ұшырған.
РБК деректеріне сүйенсек, Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Израильге жасалған соққыға қатысты мәлімдеме жасаған. Онда "Хезболла" басшысының қазасына жауап ретінде осындай шешім қабылданғаны айтылады. Ислам революциясының сақшылар корпусы Израиль Иранның шабуылына жауап қайтарса, Израильге жойқын шабуылдар жасалатынын ескерткен.
РИА Новости ақпаратына сәйкес, Израиль өз әуе кеңістігін жапқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2168362-iran-izrail-territoriiasyna-zhuzdegen-zymyranyn-ushyrdy-video/