Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үлкен қателік": Израиль премьер-министрі Иран шабуылына жауап болатынын мәлімдеді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Биньямин Нетаньяху
Биньямин Нетаньяху. Фото: Sean Gallup/Getty Images

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранның зымырандық шабуылын ел үшін "үлкен қателік" деп атап, шабуылға жауап болатынына уәде берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Нетаньяху Иран соққысы Израильдің әуе қорғанысы мен АҚШ-тың көмегі арқасында сәтсіздікке ұшырағанын айтты.

Израиль премьер-министрі Иранның Израильдің өзін қорғауға дайындығы мен кек алуға бел байлағанын түсінбейтінін айтты. Ол палестиналық Хамас жетекшілері Яхья Синвар мен Мұхаммед Дейфті, сондай-ақ Израильдің соққысынан қаза тапқан Ливан Хезболласының жетекшілері Хасан Насралла мен Фуад Шукрды еске салды.

"(Олар) мұны түсінбеді және Тегеранда түсінбейтіндер бар шығар. Олар түсінеді", - деді Израиль премьер-министрі.

Нетаньяху әлемді Иранға қарсы бірігуге шақырды және екі мемлекет арасындағы қақтығысты "зүлымдық пен бостандық, бата мен қарғыс арасындағы таңдау" деп атады.

Израиль БАҚ өкілдері Израиль армиясының шабуылға жауап беруді жоспарлап отырғанын жазады.

Еске салайық, 1 қазанда кешке Иран Израиль аумағына жүздеген зымыран ұшырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2168451-ulken-qatelik-izrail-premer-ministri-iran-shabuylyna-zhauap-bolatynyn-malimdedi/