jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Иран Израильге шабуылдан кейін АҚШ-қа ескерту жасады

Иран туы
Иран туы. Фото: Maksim Konstantinov/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Иран Израиль аумағына шабуыл жасағаннан кейін АҚШ-қа аймақтық соғысқа ұмтылмайтынын, бірақ бұдан былай "біржақты ұстамдылық танытпайтынын" ескертті. Бұл туралы РБК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Иран дереккөзіне сілтеме жасаған бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иран билігі өз үндеуін АҚШ басшылығына Катар арқылы жеткізді.

Үндеуде Израильдің кез келген шабуылына Иран "ерекше" жауап беретінін және ол жауаптың Израиль инфрақұрылымының нысандарына да әсер етуі мүмкін екені айтылған.

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы жағдай қайтадан ушықты. Дүйсенбіде кешке Израиль Ливанда құрлықтағы әскери операция басталғанын жариялады. Ал кеше, 1 қазанда Иран Израиль аумағына жүздеген зымыран ұшырды. Шабуылдың нәтижесі туралы нақты ақпарат жоқ.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл оқиғаға жауап берді. Ол Иранның зымырандық шабуылын "үлкен қателік" деп атап, жауап қайтаруға уәде берді.

Иран Израильге шабуылдан кейін АҚШ-қа ескерту жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.