Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Ливан астанасында тағы да күшті жарылыстар болды

Жарияланған күні:

Бейрут
Бейрут. Көрнекі фото: pexels.com

Ливан астанасы Бейруттың оңтүстік шетінде, Рафик Харири халықаралық әуежайына жақын жерде жұмаға қараған түні бірнеше күшті жарылыс болды.

"Хезболлаға" жақын дереккөздердің AFP агенттігіне хабарлауынша, Израиль армиясы топ нысанасына кемінде 11 соққы жасаған.

"Израиль оңтүстік қала маңындағы аудандарға қатарынан 11 рет соққы берді", - деді агенттік дереккөзі.

Ливанның Ұлттық ақпарат агенттігі (NNA) "қатарынан 10-нан астам соққы тіркелненін, бұл Бейруттың оңтүстік шетіндегі ең күшті шабуылдардың біріне айналғанын" хабарлады.

NNA мәліметінше, қатты дауыс Бейрут сыртындағы таулы аймақтарда естілген.

Израиль қорғаныс күштері соққыға қатысты түсініктеме бермеді, бірақ бұған дейін Бейруттің оңтүстігіндегі бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға шақырған.

"Хезболлаға тиесілі нысандарға жақынсыздар және Израиль армиясы жақын арада олар бойынша жұмыс істейді", - деп жазды Х желісінде ЦАХАЛ өкілі Авихай Адраи.

Бейрут әуежайы Хезболланың бекінісі және Израиль әуе шабуылдарының тұрақты нысанасы болып келетін Дахия ауданымен шектеседі.

Дереккөзге сілтеме жасаған Axios порталы мен CNN-ның хабарлауынша, Бейрутқа соққының жасалу себебі "Хезболланың" өлтірілген жетекшісі Хасан Насралланың немере ағасы Хашим Сафи ад-Дин болуы мүмкін.

Ол топтың басшысы ретінде Насралланың мұрагері болып қалды.

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы жағдай қайтадан ушықты. Дүйсенбіде кешке Израиль Ливанда құрлықтағы әскери операция басталғанын жариялады. Ал кеше, 1 қазанда Иран Израиль аумағына жүздеген зымыран ұшырды. Шабуылдың нәтижесі туралы нақты ақпарат жоқ.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл оқиғаға жауап берді. Ол Иранның зымырандық шабуылын "үлкен қателік" деп атап, жауап қайтаруға уәде берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2169699-beiruttyng-ongtustiginde-kushti-zharylystar-boldy-soqqylardyng-nysanasy-hezbolla-zhetekshisining-agasy-boluy-mumkin/