jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

ЦАХАЛ "Хезболланың" барлау штабына шабуыл жасады

ЦАХАЛ армиясының сарбазы
ЦАХАЛ армиясының сарбазы. Фото: WAHAJ BANI MOUFLEH/Getty Images

Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Бейруттегі Ливан "Хезболла" қозғалысының барлау штабына соққы бергенін мәлімдеді. Бұл туралы "РИА Новости"-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ЦАХАЛ баспасөз қызметінің мәліметінше, Израиль қорғаныс күштерінің жойғыш ұшақтары Бейруттегі "Хезболла" штаб-пәтеріне тиесілі лаңкестік нысандарға, соның ішінде барлау мәліметтерін жинау нысандарына, командалық орталықтарға және басқа да инфрақұрылымдарға барлау негізіндегі соққылар жасады.

Израиль армиясы соңғы бірнеше сағат ішінде елдің әскери-әуе күштері Бейрут аймағындағы "Хезболла" қару-жарақ қоймаларына соққы жасағанын хабарлады.

"Соққылардан кейін қайталама жарылыстар тіркелді, бұл қару бар екенін көрсетеді", - деп мәлімдеді Израиль армиясы өкілдері.

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы жағдай қайта ушықты. Дүйсенбіде кешке Израиль Ливанда құрлықтағы әскери операция басталғанын жариялады. Ал кеше, 1 қазанда Иран Израиль аумағына жүздеген зымыран ұшырды. Шабуылдың салдары туралы нақты ақпарат жоқ.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл оқиғаға жауап берді. Ол Иранның зымыран шабуылын "үлкен қателік" деп атап, жауап қайтаруға уәде берді.

ЦАХАЛ "Хезболланың" барлау штабына шабуыл жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.