Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израиль әскері Палестинаның Женин қаласына басып кірді

Жарияланған күні:

Израиль әскері
Израиль әскері. Көрнекі фото: Alexi J. Rosenfeld / Getty Images

7 қазанда, дүйсенбіде таңертең израильдік әскерилер Иордан өзенінің батыс жағалауындағы палестиналық Женин қаласына басып кірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Макрон Израильді Газа мен Ливандағы операцияларын тоқтатуға шақырды

Палестиналық Wafa.ps ақпарат агенттігі израильдіктердің әскери техника мен бульдозерлердің көмегімен Жениннің шығыс бөлігін басып алғанын хабарлады.

Сондай-ақ Израиль әскери күштерінің Женин мемлекеттік ауруханасын қоршап алып, оған дейінгі жолдарды жауып тастағаны да белгілі болды.

Сондай-ақ, дәл сол уақытта израильдіктердің Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан Тулкарм қаласына басып кіргені хабарланды. Басылымның жазуынша, әскери техника қалаға батыстан кіріп, көшелердің бойымен жүріп өтіп, мемлекеттік аурухананы қоршауға алған.

"Кейіннен оккупациялаушы күштер қалаға екі ауыр бульдозер, қосымша әскери күштерді жіберіп, батыстағы Әл-Алими айналма жолының, солтүстіктегі Әл-Юнис айналма жолының және шығыстағы Актаба айналма жолының айналасындағы аумақтардың инфрақұрылымын қиратты", - делінген мақалада.

Қалада израильдік патрульдер орналастырылғаны атап өтілді, бірақ тұтқындалған Тулкарм тұрғындары туралы әзірге ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, 1 қазанға қараған түні Израиль қорғаныс күштері Ливанның оңтүстігінде құрлық операциясы басталғанын хабарлаған болатын. Израиль әскері шекара аймағында "Хезболла" содырлық тобына қарсы рейдтер жүргізіп жатқанын айтты.

Кейін Иран Израильге жүздеген зымыран ұшырды. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху оқиғаға қатысты бұл соққыларды Иранның үлкен қателігі деп атап, жауап қайтарамыз деп қорқытты.

Иран Израильге жасалған соққыларды өзін-өзі қорғау деп атады және шабуыл аяқталғанын жария етті. Кейінірек Израиль Ливандағы құрлық операциясына қатысу үшін жаңа әскерін жібере бастағаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2170977-izrail-askeri-palestinanyng-zhenin-qalasyna-basyp-kirdi/