jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

2024 жылғы медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды

Альфред Нобельдің портреті
Альфред Нобельдің портреті. Фото: pexels.com

МикроРНҚ-ны ашқан ғалымдар 2024 жылғы медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары болды. Бұл туралы ұйым сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Нобель комитеті жыл сайынғы медицина және физиология саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттарын жариялады – олар ғалымдар Виктор Амброс және Гэри Равкан.

Ғалымдарға Нобель сыйлығы микроРНҚ-ны және оның гендерді посттранскрипциялық реттеудегі рөлін ашқаны үшін берілді.

Нобель сыйлығы

Нобель қорының ресми сайтында өнертапқыш, кәсіпкер Альфред Нобель өзінің өсиетінде оның байлығы "өткен жылы адамзатқа ең көп пайда әкелгендерді" марапаттау үшін пайдаланылатынын атап өткен. 

Лауреаттар өмір бойы ең көп айналысқан салалардағы ерекше күш-жігер үшін Нобель сыйлығымен марапатталады: физика, химия, физиология немесе медицина, әдебиет және бейбітшілік. Алғашқы Нобель сыйлығы 1901 жылы берілді. Содан бері жыл сайын қазан айында жаңа Нобель сыйлығы мен лауреаттары жарияланып келеді.

2024 жылғы медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.