jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

БАҚ: Израиль Сирия астанасына соққы жасады, қаза тапқандар бар (видео)

Дамаск, Сирия
Дамаск, Сирия. Көрнекі фото: Kyodo News Stills via Getty Images

Арабтілді БАҚ 9 қазанға қараған түнде Израиль әскерилері Сирия астанасы Дамаскке шабуыл жасағанын жазады. Қаза болғандар туралы ақпарат бар, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сириялық БАҚ мәліметінше, Дамаскінің батысындағы Мезза ауданындағы тұрғын үйге шабуыл жасалды, сол маңда Иранның Сириядағы елшілігі орналасқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл салдарынан жеті адам қаза тапты, олардың арасында балалар да бар. Тағы 11 адам жарақат алған.

Құтқарушылар үйінділерді тазартып жатыр, құрбандар саны артуы мүмкін екені айтылды.

Арабтілді басылымдар Израильдің Голан жоталарынан Дамаскке соққы жасағанын хабарлайды. Ислам революциясы сақшылары корпусы мен "Хезболла" жетекшілері жиі баратын ғимаратты нысанаға алынған деп болжанды.

Израиль қорғаныс күштармиясы соққыға әзірге түсініктеме берген жоқ.

Еске салайық, қазан айының басында Израиль қорғаныс күштері Ливанның оңтүстігінде құрлық операциясы басталғанын хабарлаған болатын. Израиль әскері шекара аймағында "Хезболла" тобына қарсы рейдтер жүргізіп жатқанын айтты.

Свежая публикация по теме:
Ердоған Израильдің әрекетін қатаң сынға алды

Біраз уақыттан кейін Иран Израильге жүздеген зымыран ұшырды. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху бұл оқиғаға пікір білдірді. Бұл соққыларды Иранның үлкен қателігі деп атап, шабуылға жауап қайтарамыз деп қорқытты.

Иранның Израильге жасалған соққыларды өзін-өзі қорғау деп атады.

Осыдан кейін Израильдің Бейрутке соққы жасағаны туралы бірнеше рет хабарланды. Атап айтқанда, 3 қазанда, бір күннен кейін 4 қазанда БАҚ Бейруттің оңтүстік шетінде Рафик Харирив халықаралық әуежайы аймағында қайтадан жарылыстар болды деп жазды.

БАҚ: Израиль Сирия астанасына соққы жасады, қаза тапқандар бар (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.