ХАМАС саяси бюросының басшысы қаза тапты: Байден Нетаньяхуды құттықтады
Жарияланған күні:
Читать на русскомАҚШ президенті Джо Байден Газадағы ХАМАС жетекшісі Яхья Синвар өлтірілген операциядан кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға телефон соғып, құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ақпарат Ақ үйдің ресми сайтында жарияланды.
"Президент Байден Израиль премьер-министрі Нетаньяхуға телефон соғып, ХАМАС жетекшісі Яхья Синвар өлтірілген Газадағы операциядан кейін құттықтады.
Сонымен қатар екі елдің басшылары Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кепілге алынғандарды үйлеріне қайтару және ХАМАС Газаны ешқашан басқара алмайтындай соғысты тоқтату үшін осы сәтті қалай пайдалану керектігін талқылады", - делінген сайтта.
Байден мен Нетаньяху жақын күндері тікелей және ұлттық қауіпсіздік топтары арқылы тығыз байланыста болуға келісті.
Бір күн бұрын ХАМАС саяси бюросының басшысы Яхья Синвардың қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды. Оның Газадағы Израиль әскері операциясы кезінде қайтыс болуы мүмкін екені хабарланды.
Кейін Израиль қорғаныс армиясы сайтында палестиналық ХАМАС қозғалысының басшысы Яхья Синвардың жойылғанын ресми түрде растады. Израиль Сыртқы істер министрі де осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасады.
Айта кетейік, осы жылдың қыркүйегінде Израиль палестиналық ХАМАС қозғалысының саяси бюро басшысына кепілге алынғандарды қайтару және қозғалыстың аймақты бақылаудан бас тартуы үшін Газа секторынан шығуды ұсынған.
Қыркүйектің соңында Израиль әскері Хезболла жетекшісі Хасан Насралланың көзі жойылғанын хабарлады. Ол 27 қыркүйекте Бейрутке шабуыл кезінде қаза тапты. Онымен бірге қозғалыстың басқа жетекшілері де қаза болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2175720-hamas-saiasi-biurosynyng-basshysy-qaza-tapty-baiden-netaniahudy-quttyqtady/