Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хезболла" өкілдері Израильмен қақтығыстың жаңа кезеңіне өткенін мәлімдеді

Жарияланған күні:

Читать на русском
"Хезболла" ұйымының туы
"Хезболла" ұйымының жалауы. Көрнекі фото: Joseph Eid/AFP via Getty Images

ХАМАС жетекшісі Синвар қаза болғаннан кейін "Хезболла" Израильмен қақтығыстың жаңа кезеңіне өтіп жатқанын мәлімдеді. Бұл жөнінде РБК сайтына сілтеме жасап хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Катарлық БАҚ-та жарияланған мәлімдемеге сәйкес, "Хезболла" Израильмен қақтығыс күшеюінің жаңа кезеңіне өткенін жариялаған.

"Жедел штаб қақтығыс күшеюінің жаңа кезеңіне өткенін хабарлайды", - деп келтіреді топ мәлімдемесін ақпарат агенттігі.

"Хезболла" өкілдері мәлімдемесіндегі "күшеюдің жаңа кезеңі" нені білдіретіні жақын күндері белгілі болмақ.

Мәлімдемені Израиль әскері палестиналық исламшыл ХАМАС тобының жетекшісі Яхья Синвардың қаза болғанын жариялағаннан кейін жасады, деп жазады мақала авторлары. 

Ливандық топ Израиль Газа секторында соғысып жатқан ХАМАС-ты қолдайды. "Хезболла" Израильдің солтүстігіндегі аймақтарды үнемі атқылап, жергілікті тұрғындарды аумақты тастап кетуге мәжбүр етті.

Еске салайық, кеше, 17 қазанда ХАМАС саяси бюросының басшысы Яхье Синвардың қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды. Ол Газадағы Израиль әскері операциясы кезінде қаза болуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Кейін Израиль қорғаныс күштері сайтында палестиналық ХАМАС қозғалысының басшысы Яхья Синвардың жойылғанын ресми түрде растады. Израиль Сыртқы істер министрі де осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасады.

Кейін АҚШ президенті Джо Байден Газадағы ХАМАС жетекшісі Яхья Синвар өлтірілген операциядан кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға телефон соғып, құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2175744-hezbolla-izrailmen-qaqtygystyng-zhanga-kezengine-otkenin-zhariialady/