Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиялық БАҚ Фетхуллах Гүлен өмірден өткенін хабарлады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Фетхулла Гюлен
Фетхулла Гюлен. Фото: History / Universal Images Group via Getty Images

21 қазанда желіде ФЕТО лаңкестік ұйымының жетекшісі, ислам уағызшысы Фетхуллах Гүленнің қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қаралы хабар туралы ақпарат түркиялық Hürriyet басылымында жарияланды.

"FETO террористік ұйымының жетекшісі Фетхуллаһ Гүлен қайтыс болды", - деп жазады мақала авторлары.

Анкарадағы Hürriyet газетінің өкілі Ханде Фыраттың мәліметінше, CNN TÜRK арнасының тікелей эфирінде Гүленнің өлімі туралы хабардың расталғаны атап өтілді.

Оның баспасөз хатшысы соңғы кездері Гүленнің денсаулығы сыр бергенін айтты. Бүйрек жеткіліксіздігі мен қант диабетімен қатар, деменциямен ауырғанын жеткізді.

Еске салайық, 2019 жылы Анкара соты 2016 жылы шілдеде Түркияда қарулы төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастырды деп айыпталған 24 адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын шығарған болатын. Төңкеріс әрекеті 250-ден астам адамның өмірін қиды, негізінен бейбіт тұрғындар. Екі мыңнан астам адам жарақат алды. Бұл іс бойынша сотталғандардың дені бұрынғы жоғары шенді әскерилер.

Түрік билігі айыпталушылардың АҚШ-та тұратын ислам уағызшысы, ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның ұзақ жылғы қарсыласы Фетхулла Гүленмен байланысы бар екенін айтты. АҚШ-та тұратын Гүленнің өзі төңкеріс әрекетіне қатысы барын үзілді-кесілді жоққа шығарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2176748-turkiiada-tongkeris-zhasauga-areket-zhasady-dep-aiyptalgan-fethullah-giulen-qaitys-boldy/