jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Грузия президенті мен Саакашвили сайлауға байланысты ел азаматтарын наразылық шеруге шақырды

Грузия туын ұстаған адамдар
Грузия туын ұстаған адамдар. Көрнекі фото: Nicolo Vincenzo Malvestuto / SOPA Images / LightRocket / Getty Images

Грузия президенті Саломе Зурабишвили парламент сайлауының нәтижесін мойындаудан бас тартып, ел азаматтарын наразылық акциясына шығуға шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Зурабишвили оппозициялық партиялардың жетекшілерімен өткен брифингте тиісті мәлімдеме жасады.

"Мен бұл сайлауды мойындамаймын. Бұл сайлауды қабылдау мүмкін емес. Мұны мойындау –Ресейдің келгенін мойындау", - деп ол дауыс беру кезінде "толық бұрмалау" болғанын айтты.

Сонымен бірге, Зурабишвили "әлі көп нәрсені анықтау керек" деп атап өтті. Ол 28 қазанда наразылық акциясын жариялады.

"Біз демократиялық сайлау өткізу құқығынан бас тартпаймыз. Бұл бәріміз бірге қатысатын символдық кездесуіміз болады" - деп келтіреді басылым Зурабишвли сөзін.

Елдің бұрынғы президенті Михаил Саакашвили де сайлау нәтижелерімен келіспегендіктен халықты наразылық шеруге шақырды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Қазір басымызға күл шашып, қалай алдандық деп уайымдайтын уақыт емес. Қазір үлкен наразылық уақыты. Біз бүкіл әлемге азаттық үшін күресіп жатқанымызды және әделетсіздікті мойындамайтын адамдар екенімізді көрсетуіміз керек", — деп жазды Саакашвили.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қазанда Грузияда парламенттік сайлау өтті. Оларға 18 партия қатысты. Парламентке өту үшін оларға бес пайыздан жоғары дауыс жинау керек болды.

Грузия президенті мен Саакашвили сайлауға байланысты ел азаматтарын наразылық шеруге шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.