jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Шешенстандағы арнайы күштер университетіне ұшу апаратымен шабуыл жасалды (фото)

Гудерместегі өрт
Гудерместегі өрт. Видеодан кадр: t.me/shot_shot

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Telegram-дағы арнасында арнайы жасақ ұшқышсыз ұшақпен университетке шабуыл жасалғанын мәлім етті. Ғимараттардың бірі зақымданған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін сағат 06:30-да Гудерместе ұшқышсыз әуе шабуылы салдарынан Ресей арнайы күштері университетінің аумағындағы бос ғимараттың шатыры өртенді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірілді", - деп жазды облыс басшысы.

Қадыровтың айтуынша, тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтап, қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтауға кірісті.

Ресей арнайы күштері университеті қызметі тоқтатылған жоқ қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, деп қосты ол.

Мекеменің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Путин атындағы Ресей арнайы күштерінің университеті – кәсіби оқу орны. Арнайы күштердің оқу орталығы және Гудерместегі көпфункционалды оқу кешені. 95 ғимарат пен құрылыс кешені 400 гектардан астам аумақта орналасқан.

Шешенстандағы арнайы күштер университетіне ұшу апаратымен шабуыл жасалды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.