Испанияда жойқын су тасқыны салдарынан 50-ден астам адам қаза тапты
Жарияланған күні:
Испанияның Валенсия аймағында нөсер жаңбыр жауып, салдарынан болған су тасқынынан кем дегенде 51 адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады.
Аймақтық үкімет басшысы Карлос Мазен зардап шеккен аудандарда құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын және қаза тапқандардың нақты санын анықтау әлі мүмкін емес екенін айтты.
Жергілікті БАҚ Балеар аралдарындағы қиратулар мен құрбандықтар туралы да жазады.
Құтқару жұмыстарына мыңнан астам әскери қызметкер тартылып, төтенше жағдайлар қызметіне көмек көрсетіп жатыр.
Көптеген тұрғындар із-түзсіз жоғалып кеткен, ал теле-радио станцияларына су тасқыны салдарынан жақындарынан айырылған, көмек күте алмайтын адамдардан жүздеген қоңыраулар түсіп жатыр.
Испания королі Филипп VI су тасқыны көлеміне таң қалғанын және Х әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) апат құрбандарының туыстары мен жақындарына "шын жүректен көңіл айтты".
Летур муниципалитетінің өкілі Милагрос Толон Испанияның TVE қоғамдық телеарнасына құтқарушылары муниципалитеттің баруға қиын жерлерінде жоғалған адамдарды іздестіру үшін дрондарды пайдаланғанын мәлімдеді.
Полиция сонымен бірге жоғалған адамдар туралы ақпарат хабарлайтын сенім телефонын ашты.
Билік кейбір зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына үйлерінен шықпауға кеңес берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2180838-ispaniiada-zhoiqyn-su-tasqyny-saldarynan-50-den-astam-adam-qaza-tapty/