Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Испаниядағы су тасқынынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма: СІМ өкілдері жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Испаниядағы су тасқынынан кейінгі үйіліп жатқан көліктер
Валенсиядағы су тасқынының салдары. Фото: David Ramos/Getty Images

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өкілдері Испаниядағы су тасқынынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында біздің елдің азаматтары жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы 24KZ телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

30 қазанда Испанияның шығыс бөлігінде, атап айтқанда Валенсия мен Альбасетеде торнадо қатты жауын-шашын тудырды. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан кейбір өзендер арнасынан асып, елдімекендерді су басты.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Испанияның шығысындағы нөсер жаңбыр мен одан кейінгі су тасқыны салдарынан кем дегенде 95 адам қаза тапқан.

Жергілікті ақпарат құралдары Балеар аралдарында да үй-жайлар қирап, адамдар қаза болғанын жазды. Құтқару жұмыстарына мыңнан астам әскери қызметкер тартылған, олар төтенше жағдайлар қызметіне көмек көрсеткен.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ағын судың көпірлер мен көліктерді қалай шайып кеткенін көрсететін кадрлар жарияланған болатын. Кейбір бейнежазбаларда адамдардың су тасқынынан құтылу үшін ағаштарға өрмелеп жатқаны көрсетілген.

Валенсиядағы мектепте сабақтар мен спорттық іс-шаралар тоқтатылды, барлық қалалық саябақ уақытша жабылды.

Би-би-си орыс қызметі баспасөз бен әлеуметтік желі қолданушылары құтқарушыларды ескертуді тым кеш бергені үшін, ал билікті мұндай апатқа дайын болмағаны үшін кінәлағанын хабарлады.

Ал климаттағы өзгерістерге қарсы күрес белсенділері Испаниядағы су тасқынының басты себебі жаһандық жылыну деп санайды. Ал климатологтардың пікірінше, қазіргі су тасқынының тікелей себебі көптеген фактор жиынтығы болған, бірақ жаһандық жылыну салдарынан атмосфераның біртіндеп жылынуы мұндай табиғи апаттарды арттыруы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2180976-ispaniiadagy-su-tasqynynan-zardap-shekkender-arasynda-qazaqstandyqtar-bar-ma-sim-okilderi-zhauap-berdi/