Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абхазия президенті елдегі наразылықтардан кейін отставкаға кету туралы өтініш берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Аслан Бжания
Аслан Бжания. Фото: Alexey Nikolsky/Pool/AFP via Getty Images

Абхазия президенті Аслан Бжания отставкаға кету туралы өтініш берді. Республика билігі мен оппозиция келіссөздер барысында осындай шешімге келді, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бжанияның отставкаға кету туралы хаты президент баспасөз қызметінің Telegram-дағы ресми арнасында пайда болды.

"Елдегі тұрақтылық пен конституциялық тәртіпті сақтау үшін мен Абхазия Республикасының президенті қызметінен кетемін", - делінген хабарламада.

РБК мәліметінше, президенттің отставкаға кетуіне себеп 19 қарашада наразылық білдірушілер басып алған үкімет ғимараты кешенін босату шарты болмақ. Егер олар мұны жасамаса, Бжания өтінішті қайтарып алады.

Егер Бжания қызметінен кететін болса, вице-президент Бадра Гунба Абхазия басшысының міндетін атқарушы болады.

"Қазіргі министрлер Абхазия Республикасының жаңадан сайланған президенті қызметіне кіріскенше өз міндеттерін атқарады", - деп хабарлады Бжанияның баспасөз хатшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Абхазияда бір аптадан бері наразылық басылмай отыр. Барлығы 12 қарашада Ресеймен инвестициялық келісімді ратификациялауға қарсы болған бірнеше оппозиционердің ұсталуынан басталды. Олар ұсталған соң елде жаппай тәртіпсіздіктер басталып, республикалық жолдар жабылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2189237-abhaziia-prezidenti-eldegi-narazylyqtar-saldarynan-otstavkaga-ketu-turaly-otinish-berdi/