jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

CNN: Украина Ресей аумағына ATACMS зымырандарымен алғашқы шабуылдарын жасады

ATACMS зымыраны
ATACMS зымыраны. Фото: Handout/Getty Images

АҚШ-тың аты-жөнін атамаған екі шенеунігі Украина Америкада жасалған ATACMS зымырандары арқылы ресейлік арсеналға алғашқы соққы бергенін мәлімдеді. Бұл туралы CNN арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Аты-жөнін атамаған америкалық шенеуніктерге сілтеме жасаған телеарна мәліметінше, ATACMS зымырандарының Ресей аумағына алғашқы шабуылы соғыстың 1000-күні, 19 қарашада жасалған.

"Шабуыл Байден әкімшілігі Киевке Ресейдегі нысандарға қарсы ұзақ қашықтықтағы америкалық қаруды қолдануға рұқсат бергеннен кейін екі күн өткен соң болды", - делінген материалда.

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі өзінің Telegram-дағы арнасында Украинаның Брянск облысындағы нысанға алты баллистикалық зымыранмен соққы бергенін растады.

"Дәлелденген мәліметтерге сәйкес, американдық ATACMS жедел-тактикалық зымырандары қолданылды. Зымыранға қарсы шайқас нәтижесінде бес зымыран атып түсіріліп, біреуі зақымдалған. Оның сынықтары Брянск облысындағы әскери нысанның техникалық аумағына құлап, өрт дер кезінде сөндірілді. Жапа шеккендер мен қираулар жоқ", - делінген ведомство хабарламасында.

Ал журналистер сұрағына Владимир Зеленский ATACMS зымыран шабуылы туралы ақпаратты растамады. Украина басшысының жауабын "Страна.ua" басылымы жариялады.

"Кешіріңіз, қосымша мәліметтер жоқ. Украинаның ұзақ қашықтыққа шабуылдайтын мүмкіндігі бар. Өзіміз өндіретін ұзақ қашықтыққа шабуылдайтын дрондар бар. Енді бізде ұзын "Нептун" бар және ол жалғыз емес. Ал қазір бізде ATACMS бар және біз мұның бәрін пайдаланамыз", - деп жауап берді Украина президенті.

CNN: Украина Ресей аумағына ATACMS зымырандарымен алғашқы шабуылдарын жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.