Бразилия президентін өлтіруге оқталған күдіктілер ұсталды
Жарияланған күні:
Сейсенбі күні Бразилияның федералды полициясы арнайы жасақтың төрт сарбазы мен бір полицейді президентке қастандық жасамақ болды деген күдікпен ұстады. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ел президенті Луис Инасио Лула да Силва мен вице-президент Жералду Алкминге 2022 жылы қастандық жасамақ болған. Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер мемлекеттік төңкеріс жасауды жоспарлаған.
Портал мәліметінше, Рио-де-Жанейрода әскерилер G20 басшылары саммитінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысқан жерде ұсталған. Кейін портал бұл ақпаратты өшіріп тастады.
"Федералдық полиция сейсенбіде қылмыскерлерге қарсы операцияны бастады. Олар президент Луис Инасио Лула да Сильваның инаугурациясына жол бермеу және сот жүйесінің қызметін шектеу үшін мемлекеттік төңкеріс жасауды жоспарлаған", - делінген жазбада.
2022 жылғы 15 желтоқсанда олар Бразилия президенті мен вице-президентін өлтіруді жоспарлағаны айтылды.
Портал таратқан мәлімет бойынша, ұсталғандар арасында арнайы жасақта қызмет ететін төрт бразилиялық әскери қызметкер, сондай-ақ федералды полиция қызметкері бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2189828-braziliia-prezidentin-oltiruge-oqtalgan-kudiktiler-ustaldy/