Гаага соты Израиль премьерін ұстауға шешім шығарды
Жарияланған күні:
Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды ұстауға ордер шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Басылым мәліметінше, Гаагадағы сот Нетаньяхудан бөлек, Израильдің бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галант және ХАМАС шенеунігі Мохаммед Диаб Ибрагим әл-Масриді де ұстауға шешім шығарды.
Халықаралық қылмыстық соттың сәрсенбідегі мәлімдемесінде Нетаньяху әскери қылмыстары үшін жауапқа тартылу керек екені айтылған. Әскери қылмыстардың ішінде "аштықты соғыс жүргізу амалы ретінде пайдалану", "кісі өлтіру, қудалау солар секілді адамзатқа қарсы қылмыстар" да бар.
Сот Израильдің осы мәселеге қатысты істің халықаралық сотта қаралуына қарсы уәждерін қабылдамады, деп хабарлады CNN телеарнасы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2190785-gaaga-soty-izrail-premerin-ustauga-sheshim-shygardy/