Путин Украинадағы қақтығыс ғаламдық сипатқа ие болғанын айтты
Жарияланған күні:
Ресей президенті Владимир Путин 19 мен 21 қарашада Курск пен Брянск облыстарындағы нысандарға соққы жасалғанын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басылымның ақпаратынша, Владимир Путин 19 қарашада ATACMS 6 зымыраны мен 21 қарашада Storm Shadow жүйесімен Курск пен Брянск облыстарындағы нысандарға соққы жасалды.
Оның сөзінше, Ресей территориясында алыстан ататын қаруды оны жасап шығарған мемлекеттің мамандарынсыз жасауға болмайды.
"Ресейге батыстың алыстан ататын зымырандарымен жасалған соққыларынан кейін Украинадағы қақтығыс ғаламдық сипатқа ие болды", - деді Путин.
Путин қарсыластың алыстан ататын қаруды қолдануы Украинадағы соғысқа әсер етпейтінін жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2190866-putin-aqsh-pen-ulybritaniia-zymyrandary-reseige-qarsy-qoldanylganyn-aitty/