jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

БҰҰ Путиннің мәлімдемелерінен кейін Ресей мен Украинаға үндеу жасады

Стефан Дюжаррик
Стефан Дюжаррик. Фото: Lev Radin/Pacific Press/LightRocket via Getty Images

БҰҰ бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик кезекті брифингте ұйым Украина мен Ресейді қақтығысты деэскалациялауға шақыратынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

БҰҰ өкілі Ресейдің орта қашықтықтағы "Орешник" атты жаңа баллистикалық зымыранын ұшыруын "тағы бір үрей тудыратын және арандататын оқиға" деп атады.

"Жағдай дұрыс емес бағытта өрбіп барады. Біз барлық тараптың жағдайды деэскалациялау үшін шұғыл шаралар қабылдағанын қалаймыз.

Біз бұл қақтығыстың Бас Ассамблея қарарларына, халықаралық құқыққа және аумақтық тұтастыққа сәйкес аяқталғанын қалаймыз", - деді Дюжаррик.

Еске салайық, кеше, 21 қарашада Путин арнайы үндеу жасап, Украинадағы қақтығыс жаһандық сипат алғанын мәлімдеген болатын.

Оның айтуынша, 19 қарашада америкалық 6 ATACMS зымырандары және 21 қарашада британдық Storm Shadow жүйелері Курск және Брянск облыстарындағы нысандарға соққы берген. Бұған жауап ретінде 21 қарашада Ресей Украинаның Днепріне ядросыз жаңа гипер дыбысты "Орешник" зымыранымен соққы жасады.

БҰҰ Путиннің мәлімдемелерінен кейін Ресей мен Украинаға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.