jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Трамп Украинадағы жағдай бойынша келіссөздерді қашан бастайтыны белгілі болды

Трамп пен Путин
Трамп пен Путин. Фото: YURI KADOBNOV/AFP via Getty Images

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Украинадағы жағдайды реттеуге 2025 жылдың қаңтарында кіріседі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Strana.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Трамп ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші лауазымына ұсынған Майк Уолтц Fox News арнасында мәлімдеді. Ол келіссөздерге Еуропа мемлекеттерінің өкілдері де қатысатынын атап өтті.

"Келіссөз үстелінде кім отыратынын, екі тарапты қалай отыратыны және келісімнің шарттары (атысты тоқтату туралы – ред. ескертпесі) қандай болатынын талқылауымыз керек. Трамп әкімшілігі қаңтардан бастап жұмысқа кіріседі", - деді Уолтц.

Сонымен қатар америкалық саясаткердің пікірінше, еуропалық елдер Украина бойынша келіссөздер үдерісінде "басты рөлді" алуы керек.

"Біздің барлық одақтасымыз бен серіктесіміз бұл ауыртпалықты көтеруі керек", - деді ол.

Уолтц Трампты "жағдайдың шиеленісуіне және оның қалай өрбитініне қатты алаңдайтынын" айтты.

"Біз мұны жауабы бар қорытындыға келтіруіміз керек. Қарсы тұрып, бейбітшілікті қалпына келтіруіміз керек", - деп қосты АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесшісіне үміткер.

Трамп Украинадағы жағдай бойынша келіссөздерді қашан бастайтыны белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.