jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Мысырда бірнеше елдің азаматтары мінген яхта теңізге батып кетті

Теңіз бен күн
Теңіздің толқыған сәті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бортында 30-дан астам турист пен 14 экипаж мүшесі бар яхта Марса әл-Алам қаласының жағалауында Қызыл теңізге батып кетті. Құтқарылғандардың нақты саны әзірге белгісіз.

"РИА Новости" агенттігінің ақпаратынша, бүгін таңертең Мысырдың Марса Алам жағалауына жақын Қызыл теңізде 30-дан астам турисі бар яхта су астына кетті.

Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 05:30-да (Астана уақыты бойынша 08:30-да) Sea Story туристік яхтасының суға батқаны туралы хабарлама келіп түскені атап өтілді. Кемеде әртүрлі елден 31 турист және 14 экипаж мүшесі болған.

Басылым хабарлауынша, аман қалғандардың біразы табылды.

"ТАСС" агенттігінің хабарлауынша, оқиға болған Мысырдың Қызыл теңіз провинциясының билігі жағдайды мұқият бақылап, құтқару операциясын жүргізеді.

Кеме 24 қарашада теңізге шығып, Хургадаға 29 қарашада жетуге тиіс болатын.

NUR.KZ редакциясы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінен яхта бортында еліміздің азаматтары бар-жоғын білу үшін саул жолдады.

Мысырда бірнеше елдің азаматтары мінген яхта теңізге батып кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.