Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грузиядағы наразылық: шерушілер мен полиция арасында қақтығыс басталды

Жарияланған күні:

Шерудегі адамдар тумен
Грузиядағы наразылық.Фото: Daro Sulakauri/Getty Images

Билік тұтқасын ұстаған партияның ЕО-мен келіссөздерден бас тартуына байланысты Грузияда наразылық шерулері төртінші күнге созылды. Тбилисидегі шерулер барысында шерушілер мен полиция арасында қақтығыс өршіп, жағдай ушыға түсті. Толығырақ KAZ.NUR.KZ.

РБК мәліметінше, Тбилисидегі парламент ғимаратының алдында полицияға тас лақтырып, пиротехникалық заттар қолданған бір шетелдік ұсталған.

Грузия телеарналары наразылық білдірушілер парламент ғимаратының алдындағы қоршауларды қағып, пиротехникалық құралдарды пайдаланып жатқанын хабарлады. Парламент ғимаратын қорғау үшін қауіпсіздік күштері мен арнайы жасақтар жұмылдырылды.

Оқиға орнында су атқыштар пайдаланылып, наразылық білдірушілер баррикадалар тұрғыза бастаған.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, осы сағатқа дейін 200-ден астам адам ұсталған. Тұтқындалғандар арасында кәмелетке толмағандар, әйелдер, журналистер, мәдениет саласының өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері бар. Бұл туралы журналистерге Грузияның "Жас заңгерлер қауымдастығы" үкіметтік емес ұйымы хабарлады.

Еске салсақ, наразылық акциялары 28 қарашада биліктегі "Грузин арманы" партиясының штаб-пәтері маңында басталып, кейін шерушілер Руставели даңғылына өтіп, парламент ғимаратына жақындаған. Оқиға орнында тәртіп сақшыларымен қақтығыс басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2194841-gruziiadagy-narazylyq-sherushiler-men-politsiia-arasynda-qaqtygys-bastaldy/