jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Грузия астанасында сайлаудан кейін наразылық шеруі басталды (видео)

Тбилисидегі шеру
Тбилисидегі шеру. Фото: x.com/DevanaUkraine

Тбилисиде грузиялық оппозицияның наразылық шеруі басталды. 26 қазанда өткен парламенттік сайлаудың нәтижесіне наразы болғандар митингке шықты.

РИА Новости мәліметінше, шеру Тбилисидегі парламент ғимаратының алдында өтіп жатыр, Руставели даңғылының бойында көлік қозғалысы шектелді.

Көптеген адам парламент ғимаратына қарай бағыт алған, олардың кейбіреулері ЕО және Грузияның туын көтеріп жүр.

Еске сала кетейік, 26 қазанда Грузияда парламенттік сайлау өтті. Сайлауғға 18 партия қатысты. Парламентке өту үшін олар бес пайыздық кедергіні еңсеру керек болды. Парламентке өту үшін оларға бес пайыздан жоғары дауыс жинау керек болды.

Кейін Грузия президенті мен Саакашвили сайлауға байланысты ел азаматтарын наразылық шеруге шақырған болатын.

Грузия астанасында сайлаудан кейін наразылық шеруі басталды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.