jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Германия канцлері Шольц "Киевтен Путинге жолдауын" жариялады

Германия канцлері
Олаф Шольц. Фото: Ақорда

Украинаға жұмыс сапарымен келген Германия канцлері Олаф Шольц Х әлеуметтік желісінде Ресей президенті Владимир Путинге "Киевтен жолдауын" жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлады.

Шольц Х әлеуметтік желісінде Украина президенті Владимир Зеленскиймен бірге түскен суретін жариялап, Германияның Украинаны қолдауын жалғастыратынын мәлімдеді.

"Менің Киевтен Путинге жолдауым: біз Украинаны қанша уақыт қолдау қажет болса, сонша уақыт қолдауға дайынбыз", – деді ол.

Бұл Шольцтың соңғы екі жарым жылдағы Киевке алғашқы сапары болды. 2 желтоқсан күні Германия канцлері Украинаға 650 миллион еуроға қару-жарақ жеткізілетінін жария етті.

Шольцтың бұл сапары Еуропалық Одақта АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Киевке қолдауды азайтады деген алаңдаушылық күшейген кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл жағдай Еуропа елдеріне үлкен жауапкершілік жүктеп, Украина Қарулы күштерін күрделі жағдайға қалдыруы мүмкін деген болжамдар айтылуда.

Свежая публикация по теме:
Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті

Сонымен қатар Шольцтың баспасөз қызметі оның Ресей президентін соғысты тоқтатып, бейбіт келісімге келуге шақырғанын хабарлады. Қараша айының соңында Шольц Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, сол әңгіменің мазмұнын Украина президенті Владимир Зеленскийге жеткізген.

Германия канцлері Шольц "Киевтен Путинге жолдауын" жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.