Украина тарабы НАТО-ға мүше болудан бас тартпайтынын мәлімдеді
Жарияланған күні:
НАТО елдерінің сыртқы істер министрлері форумының қарсаңында Украина тарабы "Ел қауіпсіздігінің жалғыз жолы – НАТО-ға мүше болу" деп мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC Орыс қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Киев басқа да форматтарды қарастыратын ұсыныстардан алдын ала бас тартты.
"Будапешт меморандумына қосыламыз деп аузымыз күйіп қалған соң, біз Украинаның НАТО-ға толыққанды мүшелігінен басқа балама форматтарын қабылдамаймыз", - деп мәлімдеді Украина тарабы.
Украина Сыртқы істер министрлігінің басшысы Андрей Сибиги альянстағы әріптестерінің жиынына алғаш рет қатысып отыр. НАТО-дағылар Украинаның әскери блокқа мүшелігіне қатысты мәселеде сабырлы үн қатумен шектелді.
"Одақтастардың сыртқы істер министрлері Украинаға қатысты жағдай бойынша пікір алмасып, Киевті қолдай беретінін тағы қайталайды деп болжап отырмыз", - дейді BBC-ге НАТО-ның ресми өкілі.
Оның айтуынша, альянстың 3-4 желтоқсандағы форумында министрлер Ресейдің НАТО елдері аумағындағы қастық әрекеттерін де талқылайды.
"Сонымен бірге олар осындай әрекеттердің өзі одақтастардың Украинаны қолдаудан бас тартқыза алмайтынын, қорғанысын әлсірете алмайтынын тағы растайды", - дейді альянс өкілі.
НАТО сыртқы істер министрлерінің форумы алғаш рет жаңа бас хатшы Марк Рюттенің төрағалығымен өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2195627-ukraina-taraby-nato-ga-mushe-boludan-bas-tartpaitynyn-malimdedi/