jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Оңтүстік Корея парламенті әскери төтенше жағдай режимін алып тастауға дауыс берді

Парламент қақпасындағы полицейлер
Парламент қақпасындағы полицейлер. Фото: Woohae Cho/Bloomberg via Getty Images

Оңтүстік Корея парламенті бүгін президент Юн Сок Ель енгізген әскери төтенше жағдай режимін алып тастауға дауыс берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sky News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оңтүстік Корея парламенті елде жарияланған әскери жағдайды алып тастауға дауыс берді. Спикер оның күшін жойғанын мәлімдеді. Ал отырысқа парламенттің 300 мүшесінің 190-ға жуығы қатысты.

Айта кетейік, Юн Сок Ель бүгін елде әскери төтенше жағдай режимін енгізіп, мұны елді "коммунистік күштерден" қорғау мақсатында жасалған шешім деп түсіндірді.

"Либерал Оңтүстік Кореяны Солтүстік Кореяның коммунистік күштері төндірген қауіптен қорғау, мемлекетке қарсы элементтерді жою үшін әскери төтенше жағдай жариялаймын", - деді Юн тікелей эфирде.

Мемлекет басшысы халыққа үндеуінде әскери жағдай енгізу азаматтардың еркіндігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті шара екенін баса айтты.

Оңтүстік Корея парламенті әскери төтенше жағдай режимін алып тастауға дауыс берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.