Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның Кореядағы елшілігі елдегі әскери төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Оңтүстік Кореядағы жағдай
Оңтүстік Кореядағы жағдай. Фото: Anthony Wallace/AFP via Getty Images

Қазақстанның Кореядағы елшілігі елдегі әскери төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елшіліктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Корея Республикасы президенті Юн Сок Ельдің әскери жағдай енгізуіне байланысты Корея Республикасында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын сабырлық сақтап, жергілікті биліктің ұсыныстарын орындауға және көпшілік іс-шаралардан аулақ болуға шақырамыз.

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел байланыс үшін +8210-6572-9311 телефоны арқылы елшілікке хабарласуларыңызды сұраймыз!", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Оңтүстік Корея парламенті елдегі әскери төтенше жағдай режимін алып тастауға дауыс берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2195780-qazaqstannyng-koreiadagy-elshiligi-eldegi-askeri-totenshe-zhagdaiga-qatysty-malimdeme-zhasady/