Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік Кореяда әскери режим алынды: оппозициялық партия президенттің қызметтен кетуін талап етті (фото)

Жарияланған күні:

Оңтүстік Корея астанасындағы ереуіл
Сеулдегі ереуіл: JUNG YEON-JE/Getty Images

Сәрсенбі күні таңертең Сеулдің жүз шақты тұрғыны Ұлттық ассамблея ғимаратының алдына жиналып, президент Юн Сок Ёльдің қызметтен кетуін талап етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, ғимарат алдына жиналған жүз шақты адам "Юн Сок Ёльді тұтқынға алыңдар", "Юн Сок Ёльді биліктен алыңдар" деп ұрандатып, оған импичмент жариялауды, қызметтен алуды талап етті. Ассамблеяны полицияның жүздеген қызметкері қорғап тұр.

Сеулдегі шеру
Сеулдегі шеру. Фото: Chung Sung-Jun/Getty Images

Осы уақытта Юн әкімшілігінің басшысы, тағы бірнеше шенеунік қызметтен кеткені мәлім болды. Бұл туралы Оңтүстік Корея президентінің әкімшілігі хабарлады.

Президенттің өзі әзірге қызметтен кеткен жоқ, бірақ оның отставкасын талап етушілер көбейіп барады.

Юн сейсенбі күні жергілікті уақытпен шамамен түнгі сағат 11-де әскери жағдай жариялап, оппозициялық партияны мемлекетке қарсы әрекет етті деп айыптады. Соның алдында парламентте басымдыққа ие оппозициялық Демократиялық партиясы бас прокурорға импичмент жариялап, үкіметтің бюджет туралы ұсынысын кері қайтарған.

Сәрсенбі күні таңғы сағат 5-тер шамасында Юн әскери жағдайға байланысты шешімінен бас тартқысы келетінін жариялады. Артынша президент кеңсесі жарлықтың күшін жоюды қолдап, дауыс берді.

Ұлттық ассамблея алдына жиналған халық
Ұлттық ассамблея алдына жиналған халық. Фото: Chung Sung-Jun/Getty Images

Соған қарамастан оппозициялық партия Юн қызметтен кетпесе, импичмент әрекетін бастайтынын мәлімдеді. Партия оның әскери жағдай жариялауын бүлік деп атап, осы әрекетінің өзі импичментке негіз болатынын хабарлады.

Партия жетекшісі Юна Хан Дон Хун президенттен әскери жағдайға қатысты шешімінің себебін түсіндіруді, қорғаныс министрін қызметтен алуды талап етті.

Ал Оңтүстік Корея кәсіподақтар конфедерациясы Юн қызметтен кетпейінше ереуілді тоқтатпайтынын мәлімдеп үлгерді. Кәсіподақтың 1,2 миллион мүшесі бар.

Юн Сок Ёль Оңтүстік Корея президенті қызметін 2022 жылдан бері атқарып келеді. Ол президент сайлауында бәсекелесі Лиді бір пайызға да жетпейтін басымдықпен жеңген. Бұған дейін ол 27 жыл бойы прокурор болып істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2195829-ongtustik-koreia-halqy-ulttyq-assambleia-aldyna-zhinalyp-prezidentting-qyzmetten-ketuin-talap-etti/