jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Оңтүстік Кореяда алты партия президент Юнға импичмент жариялау туралы заң жобасын ұсынды

Ұлттық Ассамблея
Ұлттық ассамблея алдына жиналған халық. Фото: Chung Sung-Jun/Getty Images

Оңтүстік Кореядағы алты бірдей оппозиялық партия президент Юн Сок Ёльге қарсы импичмент жариялауды көздейтін заң жобасын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN-ге сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Алты саяси ұйым, соның ішінде оппозициядағы Демократиялық партиясы импичмент туралы ұсынысты бірге өткізуді жөн деп шешкен.

Yonhap ақпарат агенттігінің хабарлауынша, заң жобасы Ұлттық ассамблеяға жергілікті уақыт бойынша сағат 14.40-та тапсырылған.

Мәліметтерге қарағанда, құжат жобасы елдің заң шығарушы органы – Ұлттық ассамблеяның жалпы отырысында бейсенбі күні қаралып, жұма немесе сенбі күні дауысқа салады.

Конституцияға сәйкес, импичментті парламенттегі көпшілік ұсынып, оны депутаттардың үштен екісі мақұлдауы тиіс. Содан кейін парламент ұсынысы Конституциялық сотқа тапсырылады. Тоғыз судьяның кем дегенде алтауы импичментке келісуі керек.

Конституция бойынша, президент импичмент жөнінде шешім қабылданғанға дейін мемлекет басшысы қызметінен шеттетіледі. Сот процесі жүріп жатқан уақытта премьер-министр уақытша басшы қызметіне кіріседі.

Оңтүстік Кореяда алты партия президент Юнға импичмент жариялау туралы заң жобасын ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.