Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украина делегациясы алғаш рет Трамп командасымен келіссөз жүргізді

Жарияланған күні:

Ақ үй
Ақ үй. Көрнекі сурет: Castle City Creative/Getty Images

Вашингтонда украин делегациясы АҚШ-тың болашақ әкімшілігінің мүшелерімен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Мәскеуде жарылыс болып, салдарынан ядролық қорғаныс басшысы Кириллов көз жұмды

Басылым ақпаратынша, Украина президенті кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермак бастаған делегация Вашингтонда Дональд Трамп әкімшілігінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі болашақ кеңесшісі Майк Уолцпен және Украина жөніндегі арнайы өкіл Кит Келлогпен жүздескен.

Ал The Wall Street Journal (WSJ) дереккөздерінің мәліметінше, келіссөздерге АҚШ-тың болашақ вице-президенті Джеймс Дэвид Вэнс те қосылған. Басылым дерегінше, Келлог президент Джо Байден әкімшілігінің Украинаға тезірек қару жеткізу ұмтылысын қолдаған. Келлогтың пікірінше, Трамп оны жанжалды реттеу үшін Мәскеуге ықпал көрсету тетігі ретінде қолдана алады.

Дональд Трамп 5 қарашадағы президент сайлауында жеңіске жетті. Жаңа президентті ұлықтау салтанаты 20 қаңтарда өтеді. Трамп Украинадағы жанжалды келіссөздер арқылы аяқтауға уәде берген. Әзірге соған қатысты бейбітшілік жоспары жарияланған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2196573-ukraina-delegatsiiasy-algash-ret-tramp-komandasymen-kelissoz-zhurgizdi/