jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Трамп инаугурациясына дейін Украинаға АҚШ-тан 20 млрд доллар мен әскери көмек берілмек

Украина президент3 Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Thierry Monasse/Getty Images

Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Вашингтонда АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанмен кездесті. Жүздесуде Салливан Киев Трамп инаугурациясына дейін АҚШ-тан 20 млрд доллар мен әскери көмек алатынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Құрама Штаттар 20 млрд долларды несие түрінде береді, бірақ оны бұғатталған ресейлік активтер есебінен өндіріп алады. Осы мәселеге қатысты келіссөздер аяқталды десе де болады.

Мәліметтерге қарағанда, АҚШ-тың кезекті әскери көмегіне "жүздеген мың қосымша артиллериялық снаряд, мыңдаған зымыран, жүздеген берен техника" кіреді. Бұған қоса АҚШ жауынгерлерді Украинадан тыс аймақтардағы нысандарға оқытуды көздеп отыр.

Биыл күзде президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп 2025 жылғы 20 қаңтарда билікке келеді. Сол кезде америкалық әкімшіліктің Украинадағы соғысқа қатысты бағыты өзгеруі мүмкін. Трамп жанжалды келіссөздер арқылы аяқтауға уәде берген, алайда бейбітшілік жоспарын әлі жариялаған жоқ. Бұл уақытта Джо Байден әкімшілігі Трамп инаугурациясына дейін Украинаға көмектесіп үлгеруге тырысып жатыр.

Свежая публикация по теме:
Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті

Осының алдында CNN телеарнасының дереккөздері Вашингтонда жүрген Андрей Ермак вице-президент болып сайланған Джей Ди Вэнспен, Трамптың болашақ кеңесшісі Майк Уолтцпен кездесіп, Украина мен майдандағы жағдайды талқылағанын хабарлады. Вэнс пен Уолтц кездесудің көп уақытын Ермакты "тыңдаумен өткізді", деп жазды CNN.

Трамп инаугурациясына дейін Украинаға АҚШ-тан 20 млрд доллар мен әскери көмек берілмек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.