jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Новости русской службы Би-би-си

Оңтүстік Кореядағы жағдай: импичмент бойынша дауыс беру қарсаңында ел президенті халыққа үндеу жасады

Юн Сок Ель
Юн Сок Ель. Фото: South Korean Presidential Office via Getty Images

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль елдегі жағдайдан кейін алғаш рет халыққа үндеу жасап, кешірім сұрады.

Шамамен 2 минутқа созылған сөзінде ол осы аптаның басында әскери жағдай енгізу туралы шешім қабылдағаны үшін басын иіп кешірім сұрады.

"Бұл шешім шарасыздықтан қабылданды, - деді ол - Бұл жайт адамдарға алаңдаушылық пен қолайсыздық әкелді. Қатты өкінемін және кешірім сұраймын". Президент кейбір қарсыластары айтып жүргендей екінші рет әскери жағдай жарияламайтынын атап өтті.

Юн Сок Ёл "қызмет мерзімі туралы мәселені" партияға қалдыратынын айтты. Алайда мұнымен нақты нені айтқысы келгенін түсіндірмеді. Ол сондай-ақ отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеген жоқ, парламентте импичмент бойынша дауыс берілетіні турасында да сөз қозғаған жоқ.

Юн Сок Ёльдің бұл үндеуі – елде әскери төтенше жағдай жариялағаннан кейін халық алдында жасаған алғашқы мәлімдемесі. Әскери жағдай алты сағаттан кейін парламент қарсы дауыс берген соң алынып тасталған еді. Осыдан кейін ел парламентінде басым дауысқа ие оппозициялық депутаттар президентке импичмент жариялау туралы заң жобасын ұсынып, Оңтүстік Корея полициясы Юн Сок Ёльге қатысты төңкеріс ұйымдастырды деген күдікпен тергеуді бастады.

Юн Сок Ёльдің халыққа үндеуінен кейін бірден президенттік партия жетекшісі Хан Дон Хун Оңтүстік Корея көшбасшысы сөзсіз мерзімінен бұрын отставкаға кететінін айтты, өйткені оның енді мемлекеттік міндеттерді атқаруға шамасы келмейді.

Айта кетейік, 3 желтоқсанда Оңтүстік Корея президенті елде әскери төтенше жағдай жариялаған болатын.

Кейін Оңтүстік Корея парламенті әскери төтенше жағдай режимін алып тастауға дауыс берді. Қазақстанның Кореядағы елшілігі осы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Кейін Оңтүстік Кореяда әскери режим алынды, оппозициялық партия президенттің қызметтен кетуін талап етті.

Оңтүстік Корея қорғаныс министрі Ким Ён Хен кеше Оңтүстік Кореяда әскери жағдай енгізілгеннен кейін отставкаға кететінін айтты.

"Соғыс жағдайындағы төтенше жағдайға байланысты адамдар арасында түсінбеушілік пен алаңдаушылық тудырғаны үшін өкінемін және үлкен жауапкершілікті өз мойныма аламын", - деді Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі.

Оңтүстік Кореядағы жағдай: импичмент бойынша дауыс беру қарсаңында ел президенті халыққа үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.