jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Ресейлік СІМ: Башар Асад Сирия президенті қызметін тастап, елден кетті

Башар Асад
Башар Асад. Фото: instagram.com/syrianpresidency

Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Сириядағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомство Башар Асад президент қызметін тастап, елден кетіп қалғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ресейлік СІМ-нің ресми ақпараттық арнасында ведомство Сириядағы жағдайға асқан алаңдаушылықпен қарап отырғаны хабарланды.

"Башар Асад қарулы келіспеушілік қатысушыларымен жүргізген келіссөздер нәтижесінде президенттік қызметін тастап, елден кету шешімін қабылдаған. Ол билікті бейбіт жолмен беруді тапсырды. Ресей бұл келіссөздерге қатысқан жоқ. Сонымен қатар бұл келіспеушілікке қатысы бар тараптарға күш көрсетуден бас тартып, басқаруға қатысты барлық мәселені саяси жолмен шешуге шақырамыз. Осыған байланысты Ресей Федерациясы сириялық оппозиция күштерінің барлығымен байланыста", - делінген ресми хабарламада.

Оған қоса Сирия аумағындағы ресейлік әскери базалар жоғары дайындық режимінде екені хабарланды. Алайда қазіргі уақытта оларға қауіп төніп тұрған жоқ.

Ресейлік СІМ: Башар Асад Сирия президенті қызметін тастап, елден кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.