jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Сирия экс-президенті Башар Асадтың Дамаскіде тоналған сарайының суреті мен видеосы жарияланды

Бүлікшілер Басар Асад суретін өртеді
Бүлікшілер Басар Асад суретін өртеді. Фото: BAKR ALKASEM/AFP via Getty

Сирияда билікті басып алған қарулы бүлікшілер тобы экс-президент Башар Асадтың сарайын тонады. Дамаскідегі резиденция қаңырап бос қалған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ DW басылымынына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сирия астанасындағы зәулім сарайда жиһаз бен Асадтың еденге лақтырылған суреті ғана жатыр. Резиденцияға кіргендер оны видеоға түсіріп, интернетке жариялады.

"Мен бәрін суретке түсіріп жүрмін, себебі оның үйінің дәл төріне шыққаныма қуанып тұрмын",- дейді жергілікті бір тұрғын. Ол енді сириялықтар бірігіп, жаңа ел құрады деп ойлайды.

Басылым мәліметінше, Башар Асад резиденциясы астанадағы Әл-Мәлики ауданында орналасқан. Ол алты қабатты үш үйден тұрады. Бұның алдында БАҚ бүлікшілер экс-президенттің Ferrari, Audi, Mercedes және басқа да құнды автокөліктерін иемденгенін жазған.

Мәліметтерге қарағанда, бүлікшілер үкімет ауданының бәрін дерлік тонаған. Бұл уақытта сириялық оппозиция азаматтарға мемлекет мүлкін қастерлеуге кеңес берген, себебі мұндағы ғимараттардың бәрі "Башар Асадтың террористік жүйесіне емес, халыққа тиесілі".

Свежая публикация по теме:
Ердоған Израильдің әрекетін қатаң сынға алды

Естеріңізге сала кетейік, 8 желтоқсанға қараған түні қарулы бүлікшілер Дамаскіге кіріп, күндіз Башар Асад президент қызметінен кеткені мәлім болды. Кейін Ресей бұқаралық ақпарат құралдары экс-президентке саяси баспана берілгенін мәлімдеді.

Сирия экс-президенті Башар Асадтың Дамаскіде тоналған сарайының суреті мен видеосы жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.