Трамп АҚШ-та дүниеге келгендерге азаматтық беруді тоқтатуға ниетті екенін айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомДональд Трамп АҚШ-та дүниеге келгендерге азаматтық беруді тоқтатуды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Politico басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы жаңадан сайланған президент жергілікті телеарнаға берген сұхбатында айтты. Трамптың АҚШ Конституциясындағы 14-ші бапты түзетуді қалай жоспарлап отырғанын нақты айтпаған. Заңға сәйкес Америка Құрама Штаттарында туған ның юрисдикциясына жататын барлық адам Америка Құрама Штаттарының азаматтары болып саналады.
Трамп бұл тәжірибені күлкілі деп атап, жоюға ниетті екенін айтты. Ол бұрын да мұны жасамақ болған, бірақ Covid-пен күресу шаралары барлық назарды аударғанын жеткізді.
Ол сондай-ақ өте ерте жаста отбасымен бірге көшіп келген, содан кейін АҚШ-та өскен балаларға арналған мемлекеттік бағдарлама әзірлеу қажет деді.
Оның жаппай депортациялау жоспарлары туралы және АҚШ-та заңсыз жүргендердің барлығын депортациялауды жоспарлап отыр ма деген сұраққа Трамп былай деп жауап берді.
"Менің ойымша, біз мұны істеуіміз керек", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2198151-tramp-aqsh-ta-duniege-kelgenderge-azamattyq-berudi-toqtatuga-nietti-ekenin-aitty/